Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Кәрім Мәсімов Алматыға келгелі жүр

Дегенмен Алматыда мамырдың өзінде 108 мм орташа айлық нормадан көп, 200 мм жауын-шашын жауды. Ал 17-маусымда күткендегідей 60 мм айлық норма емес, 3 сағат ішінде 50 мм дейін жауын жауған.

Әкімнің айтуынша, табиғаттың мұндай тосын мінезі соңғы рет 1957 жылы байқалған көрінеді.

– 17-маусымда қала аумағында 94 су басу оқиғасы болды. 25 тұрғын үй мен 69 ауланы су басты. Су тасқыны салдарын жою үшін ТЖ департаменті базасында 110 адам, 28 бірлік техникадан тұратын штаб құрылды. Оның жұмысына азаматтық қорғаныс, аудандардың коммуналдық қызметтері тартылды. «109» қызметіне 332 қоңырау келіп түсіп, соның барлығы бойынша шара қабылданды. Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы 100-ден астам өтініш түсті. Барлық мәселе шешілді. Кешке қарай су басқан негізгі орындарда су сорылып, таңертеңге дейін қала бойынша жұмыс аяқталды, – деді Бауыржан Байбек.

Қала әкімі жағдай бақылауда екенін мәлім етті. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов оның есебін қабылдап, жақын күндері Алматыға баратынын жеткізді.

– Жақын күндері сіздерге бармақшымын. Қазіргі айтқандарыңызды көзбен көрсем деймін. Сіз екеуміз жаяу жүріп аралайтын боламыз. Қашан баратынымды кейінірек белгілеймін, – деді үкімет басшысы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз