Кәрім Мәсімов Ақтөбеде жүр

38 просмотров

Бүгін ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ақтөбеге жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Вnews.kz.

Үкімет басшысы алдымен теракт салдарынан зардап шеккен тұрғындар емделіп жатқан ауруханада болады.

Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Ақтөбе халықаралық әуежайының қауіпсіздік шараларына бақылау жасап, террористер шабуыл жасаған 6655 әскери бөліміндегі гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысады.

ҚР Премьер-министрдің Ақтөбедегі жұмыс сапары барысында «Нұр Отан» партиясында кеңейтілген отырыс өткізіп, бірқатар нысандарды аралауы жоспарланған.

Загрузка...