Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
22
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Кәрім Мәсімов 10 соттық жер телімін бөлуге қатысты ойымен бөлісті

122

Бұл туралы ол ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында айтты, деп хабарлайды BNews.kz.

– Экономика өсiмiн қамтамасыз ету үшiн тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бағдарламадағы жаңа бағыттардың бiрi – жеке тұрғын үй құрылысына инфрақұрылым тарту. Бұл облыстық әкiмдiктер арқылы жасалады. Соңғы уақытта жер мәселесiне қатысты пiкiрталастар көп. Үкiмет заңнамаға өзгерiстер енгiзудi қолдап, осы мәселенi қарастырды. Бiздiң ойымызша, инфрақұрылыммен қамтамасыз етiлген жерден 10 сотық жер телімін бөлу осы жағдайды шешуге оң ықпал етедi. Сондықтан ресурстардың бiр бөлiгi жеке тұрғын үй құрылысының инфрақұрылымын дамытуға жұмсалады, – дедi Кәрім Мәсiмов.

Астанада ҚР Парламентi палаталарының бiрлескен отырысы өтiп жатыр. Отырыста депутаттар Үкiмет пен республикалық бюджеттiң атқарылуы жөнiндегi есеп комитетiнiң 2015 жылғы республикалық бюджеттiң орындалуы туралы есептерiн қабылдайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз