Күн батареялы ұшақ Жерді бір айналып шықты

42 просмотров

Күн батареясымен жұмыс істейтін ұшақ Жер шарын бір айналып шығып, 26 шілдеде Абу-Дабиге қонды. Ұшақ сапары дәл осы қалада бір жылдан астам уақыт бұрын басталған еді. Осы уақыт аралығында ұшақ 40 мың шақырымды ұшып өтті.

Швейцарияда құрастырылған Solar Impulse-2 ұшағы 16 мәрте жерге қонды, орташа жылдамдығы – сағатына 50 миль. Ұшақ жанармай қолданған жоқ.

Ұшаққа 17 248 күн батареясы орнатылған. Олар моноқанаттағы төрт электр двигателіне қуат береді. Түнгі уақытта ұшақ төрт литий полимерлі батареялары арқасында қуат алады. Ұшақ салмағы минивэн салмағымен пара-пар, бірақ ұшақтың үлкен моноқанаты бар. Моноқанат ұзындығын Boeing 747 лайнерінің қанаттарымен салыстыруға болады.

Solar Impulse-2 сапары барысында бірқатар қиындықтар туындаған — Жапониядан Гавайиға ұшар жолда батареялар зақымданған. Оны жөндейтін кезде ұшқыштар тоғыз ай күтті. Атлант мұхитын ұшақ 70 сағатта кесіп өтті.

Жер шарын айналу сапарының басты демеушісі – Абу-Дабидің экологиялық таза технологиялар саласында істейтін үкіметтік компаниясы. Жоба құны – 100 миллион доллар.

Загрузка...