Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Астанаға кіретін көліктер ақы төлеуі мүмкін

Трафикті шектеудің ең тиімді жолдарының бірі – қалаға кіруді ақылы ету.

Біз қала аумағында көшелердің белгілі бір учаскелерін ақылы қылуды ұсынамыз, – деді қалалық Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Еділ Сүлейменов.

Нақты қай учаскелердің ақылы болатыны әзірге белгісіз. Қоғамдық кеңес мүшелері осы мәселеге қатысты көп ескертулер жасап, сөгіс айтты. Осыған байланысты ақылы тұрақтар жобасы бойынша Қосымша құжаттар, түсіндірмелер, сызбалар сұратып, мәселені Қоғамдық кеңестің келесі отырысында қарау туралы шешім қабылданды. Қалаға кіруді ақылы етуге қатысты ешқандай қорытынды шығарылған жоқ.

Сүлейменовтің айтуынша, Астанадағы жолаушылар көлігінің тарифін субсидиялау керек.

– Қазіргі кезде 86 қалалық маршруттың 64-і шығынды болып келеді, себебі 90 теңгелік тариф 2014 жылы енгізілген, сәйкесінше, екі жылда экономикалық жағдай өзгерді. Сондықтан тарифті көтермеу үшін субсидиялау керек, – деді ол.

Қоғамдық кеңес мүшелері субсидиялауды қолдады. Алдағы екі жылда қоғамдық көлікпен жүру тарифін бұрынғы деңгейде – 90 теңге мөлшерінде қалдыру жоспарланған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз