Күлікбаевтың қылмысынан соң жұмысынан қуылған экс-полицей әділдік іздеп жүр

385 просмотров

Бүкіл Алматыны үрейде ұстап, жолындағы бірнеше адамды атып тастаған Руслан Күлікбаевтың қылмысынан соң қызметімнен айырылдым деген Қызылорда облысының тұрғыны Алмаз Тұрғанбаев әділдік іздеп шарқ ұрып жүр.

Он жыл қызмет еткен саласынан бір сәтте босатылған тұрғын 31 арнадан көмек сұрап келіпті.

Алмаз Тұрғанбаев Ішкі Істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде осыған дейін криминалдық  полиция бөлімінің аға жедел уәкілі болып қызмет атқарған. 18 шілде күні Алматыда құзырлы орган өкілдеріне оқ жаудырып, бірнешеуін жаралап, қарсы келгендерін аяусыз атып тастаған Руслан Күлікбаевтың  лаңкестік әрекетінен соң Алмаз Тұрғанбаев қызметімнен айырылдым дейді.  Айтуынша, басшылары азаматқа бақылауындағы Күлікбаевқа салғырт қарадың деп айып таққан. Сөзінше, өзімен бірге тағы 3 қызметкер лауазымынан босатылған екен. Алайда экс-полицей адал еңбегі мен маңдай тері сіңген саласына қайта орналасқысы келетінін айтады.

Алмаз Тұрғанбаев, Байқоңыр қаласының тұрғыны:

-Менімен бірге жұмыстан шығып кеткен 4 баланың екеуін қайтадан алып алыпты. Білмеймін, қай негізде алып алғанын. Бірақ сол себепті менің негізгі ойым менің қайта жұмысқа тұруыма құқығым бар.

Және де тұрғын Руслан Күлікбаев жасаған теракттың  алдында да басшысынан қысым көргенін айтады. Енді ол өзі қызмет еткен Байқоңыр өкілдігіне қайта жұмысқа орналасу үшін алдағы уақытта басқа да органдарға шағымданамын деп отыр.

Айта кетейік,  Руслан Күлікбаев осы жылдың 18 шілдесінде Алматыда атыс шығарып, салдарынан бес адам қаза тапқан еді.

5
Алмаз Тұрғанбаев
Загрузка...