ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті Көкшетаудың мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарын ұстады.
Бұл туралы ұлттық бюроның баспасөз қызметі хабарлады.
„Жүсіпов қызметтік жағдайын пайдаланып, «Мультисофт Еуразия Көкшетау» ЖШС директоры Рыбинцевтан 300 мың теңге мөлшерінде пара алды. Оның орнына ол фирма басшысына салық заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартпауға уәде берген„ делінеді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметінен.
Қазіргі таңда екеуі де Көкшетау ішкі істер басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.