Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Көкшетауда мектеп оқушылары үзіліс кезінде асық ойнайды

210

Жұлдызай Амангелдиева, №3 орта мектеп оқушысы:

– Мен асық ойынын төрт жыл бойы ойнаймын.Осы ойыннан көптеген жетістіктерге жеттім. Негізі асық ойыны математика мен ой өрісін дамытады.

Бұнда ғана емес, тағы бір мектепте де осы жағдай. Үзілісте барсаңыз, асық ойынының нағыз қызған ортасына тап боласыз. Және оны ұлдар ғана емес, қыздар да ойнайды.

Мирас Сәдуақасов, №18 орта мектептің оқушысы:

– Біз асық ойнауды былтыр бастадық. Бізде қыздар да, ұлдар да түгел асық ойнайды. Асық бұл балаларды достастырады.

Балаларға асық ойыны мен оның түрлерін осыдан екі жыл бұрын еңбек пәнінің мұғалімі үйреткен екен. Содан бері  қызығушылықтары артқан оқушылар жаппай асық ойнауға көшкен. Көбіне бастауыштан 7 сынып аралығындағы оқушылар осы ойынға әуес.

Өміртай Өкейұлы, Еңбек пәнінің мұғалімі:

– Өздері ойнайды. Сен ойна деп айтпаймыз. Үзіліс кезінде, бос уақытында барлығы осында келіп ойнайды.

Еңбек пәнінің мұғалімі балалардың қызығушылығын ескеріп  жиналмалы үстел де жасап берген. Еденге арнайы кілем де төселген. Басқа да мектептерде асық ойынына қатысты үйірмелер ашылып, қала оқушылары арасында кең таралып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз