Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Көкпекті ауылындағы тасқынға қатысты бейқам басшылар емес, кәсіпкер сотталды

Сот қылмыс мерзімінің ескіруіне байланысты екі экс-шенеунікті – Көкпекті ауылдық округінің бұрынғы әкімі Бақытжан Смаилов пен Бұхар жырау аудандық төтенше жағдайлар басқармасының экс-басшысы Ринат Жантөлековты қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Олар бейжайлық танытты деп айыпталған.

Жапа шеккендердің 1,3 млрд теңгеден астам соманы құрайтын азаматтық шағымдары қанағаттандырылмады.

Судья материалдық залалдың орнын өтеу туралы шағымдар азаматтық сот өндірісі тәртібінде қарала алатынын түсіндірді. Сот сотталғандардан мемлекет пайдасына 5 млн теңге шығынды өндірді.

Үкімге әлі шағымдануға болады.

Қарағанды облысының Бұхар жырау ауданы Көкпекті ауылында 2014 жылы 31-наурызда түнде дамба жарылған. Шырт ұйқыдағы ауылға лап қойған су екі метр биіктікті қамтыған. Бес адам суға кетіп, 300-ден аса мал өлген, 300 баспана жарамсыз болып қалған.

Төтенше оқиғаға дамбаның иесі емес, оны жөндеген компания кінәлі деп танылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз