Нұр-Сұлтан
Қазір
16
Ертең
15
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Көкек әкелерге құлаққағыс! Алимент төлеуден жалтарғандарға кешірім жоқ

Есбол Оразәлиев, борышкер:

— Дала сыпырмаймын бірден айтамын. Ал мына жерде істеткізсе істеймін.

Жылдар бойы бауыр еті баласына ақша төлеуден жалтарғаны үшін ол алдымен сот шешімімен 5 тәулікке қамалып, тек содан соң жұмысқа кірісе алады. Қазір Жамбылда осы секілді 12 мыңнан астам борышкердің ісі қаралуда. Ел бойынша олармен күресудің тың тәсілі қолға алынса, облыс бойынша жоба ең алдымен Меркі ауданында жүзеге асырылып жатыр. Мұндағы 700-ге жуық жауапсыз әкенің әзірге 58-ін еңбекпен қамту көзделген.

Сәкен Төлеуов, Меркі ауданының прокуроры:

-Әр адам бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Егер жұмысқа кіруден өзі бас тартса, яғни ол борышын өтеуден бас тартқаны деген сөз.  Әкімшілік жауапқа тартамыз. Тағы басқа мүліктері болса оларға тыйым салып, тәркілейміз.

Машинасы бар борышкерлерге мүлдем тықыр таянды. Өйткені алимент төлемегендер бірден жүргізуші куәлігінен айырылады. Қазір ауданда сот шешімімен көлік басқару құқынан шектелген 37 азаматты полицейлер жатпай-тұрмай іздеп жатыр. Қолға түссе, қара жаяу қалдырады.

Көп жағдайда борышкерлер соттың шақыруына келе бермейді. Сондықтан шешім сырттай шығарылуда. Дегенмен енді заңға бағынбағандарды үйінен жетекпен әкелінетін болды.

ktk.kz

1392401017_lyubish-razvoditsya

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз