Астанадағы санитар дәрігерлер тұрғындарға мал етін сатып аларда сақ болуды ескертті

34 просмотров

Күйдіргі ауруы Астанадаға да қауіп төндіріп тұр. Елордадағы санитарлық дәрігерлер тұрғындарға мал етін сатып аларда аса сақ болуды ескертіп, дабыл қағуда.

Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлауда.

Әсіресе, мамандар базардың маңы, далада есіктің алдында, санитарлық талапқа сай келмейтін орындарда ет сатып тұрғандарға мүлдем жоламауға кеңес береді. Өйткені, елімізде мал ауруы әлі басылмай тұр. Сондықтан сауда орталықтарындағы сатушылардан міндетті түрде ветеринарлық сертификат немесе зертханалық тексерудің қорытындысын талап ету қажет.

Ал, қасапшылардың қолында “мал соятын орын санитарлық талапқа сай” деген анықтама болуы тиіс. Осылайша, әкімдік ветеринарлық қадағалауды күшейтуге кіріскен. Өйткені, бұған дейін бақылаудың жоқтығынан базарларға ауру малдың еті түсіп, қаншама адам ауруханадан бір-ақ шықты. Тіпті Қарағанды облысында екі тұрғын күйдіргі індетін жұқтырып, қаза болды.

Қазір Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында күйдіргі дертіне байланысты карантин жарияланған. Осы жағдайдан кейін Қытай мен Ресей елімізден ет тасымалдаудан бас тартты.

Бұған дейін Қарағандыда тұрғынның ауру сиыр етін ауылдастарына таратқан оқиғасынан кейін, жағдай өршіп кеткен еді. Кейінірек бұл ауылда карантин жарияланған. Ал шілде айының бас кезінде Батыс Қазақстанда да малдардың белгісіз дерттен қырылып жатқандығы жайлы хабар жария етілді.

Загрузка...