Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

ҰҚК басшысы — Мәсімов үшін уақытша қызмет, ол әлі қайта оралады — сарапшы

Үкіметбасының қызметінен кететінін еліміздің жетекші саясаттанушылары, кем дегенде, соңғы жарты жыл бойы болжап келген. Алайда, әдеттегідей, барлығы күтпеген кезде, аяқ астынан орын алып, тосынсый ала келді. Кәрім Қажымқанұлының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағалығына тағайындалғаны туралы жаңалық нағыз сенсация болды.

— Мәсімовтың отставкасы — орын алу керек дүние болатын, мен бұл туралы сіздердің порталға наурыз айында айтқан едім, — дейді үкіметте орын алған ауыс-түйіске түсінік берген саясаттанушы Марат Шибұтов. — Мәсімов премьер-министр лауазымында отырып қалды.

— Бір қызығы, экс-премьерлердің барлығы дерлік күш құрылымдарына тағайындалады. Бұл жоғарылау ма әлде төмендеу ме?

— Әрине, мұны қызметті төмендету ретінде бағалауға болады. Бұл Марат Тәжинді ҰҚК төрағалығына тағайындағандай, саяси шешім. Мен ол, яғни, Кәрім Мәсімов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметіне соншалықты құнды жаңалық енгізеді деп ойламаймын.

— Айтыңызшы, Мәсімовты саясаткер ретінде қайта „тірілтуге„ бола ма? Ол үлкен саясатқа орала ма?

— Бұл қызмет, оның өзінің жеке кәсіби ынтызарлығына сай, басқа лауазымға тағайындалу жолындағы өтпелі орын болуы ықтимал. Атап айтарлығы, ол бәрібір президентке жақын әрі еліміздегі ең ықпалды тұлғалардың бірі болып қала бермек. Сондықтан оны есептен шығаруға болмайды — ол уақытша көзден таса болды.

— Яғни, ол бұл лауазымдағы уақытша адам ғой?

— Мүмкін, бір жыл, ары кетсе, бір жарым жыл отырар.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз