Jerturaly.kz сайтының атауы неге қате берілген?

50 просмотров

Жер туралы комиссия жұмысын насихаттаумен айналысатын сайттың атауы Abai.kz порталындағы мақалада қате көрсетілген.
13-маусымда Abai.kz сайтында „Жер комиссиясының отырысы неге өтпей қалды?„ деген мақала жарық көрді. Мақала авторы сөз соңында жер комиссиясы жұмысына қатысты барлық ақпараттарды халыққа жеткізіп тұру үшін билік арнайы сайт ашқанын, оның қазір жұмыс істемей тұрғанын айтады.

Біз бұл сайттың жұмыс істеп тұрғанын білеміз. Сонда да бұл мәліметті анықтап көруге тырыстық. Сөйтсек, мақала авторы ол сайттың атауын қате жазған болып шықты. Сондықтан да ол оны аша алмаған болуы керек, сәйкесінше оны жұмыс істемейді деп асығыс ой түйген секілді.

Өз кезегімізде оқырмандар мүддесі тұрғысында біз бұл сайттың дұрыс мекен-жайын жариялауды жөн көріп отырмыз.

Ол zherturaly.kz емес, jerturaly.kz екенін еске саламыз.

1230

Загрузка...