«Әйелімді сатам! Фигурасы жақсы!» деген хабарландыру шықты

5 883 просмотров

Халықаралық eBay сайтында «Әйелімді сатам! Фигурасы жақсы!» деген хабарландыру пайда болды. Бұл хабарландыруды Ұлыбританиядағы Уэйкфилд қаласының 33 жастағы тұрғыны Джокер Саймон О’Кэйн деген азамат беріпті.

The Daily Mirror басылымының жазуынша, жігіттің бұл әйелден көңілі қалған, сатып жіберіп құтылмақ екен. Өйткені ол ауырып қалғанда, әйелі оған жөнді қарамай қойған екен.

Әйелінің есімі Леандра, 27 жаста. Хабарландыру иесінің жазуынша, әйелдің фигурасы тәуір, тамақты да дәмді пісіреді.

pogudx50caamlck43-d4718c19

Екі күннің ішінде әйелді 86 мың долларға сатып алуға дайын адамдар хабарласа бастапты.

Алайда, жігіттің бұл тірлігі қалжың болып шықты. Ал хабарландыруды көрген әйелі «Сен неге менің онша емес суреттерімді салғансың» деп күйеуіне өкпелеп қалыпты.

Сөйтсек, Джокер өте қалжыңбас адам екен. Әрдайым түрлі жолдармен әйелімен қалжыңдасқанды ұнатады екен.

pogudx5bnhh460d4o-56bcf9c1

 

Загрузка...