91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Иван Дычко Рио Олимпиадасының жартылай финалына өтті.
Ширек финалда нигериялық Эфе Аджагбамен қолғап түйістірген Дычко бұл кездесудің фавориті саналған. Жерлесіміз алғашқы раундтан-ақ өзінің мықтығылығын дәлелдеуге тырысты. Екінші раундта да басым түсті. Үшінші раунд тең дәрежеде өтті.
Қазір Дычко кем дегенді қола жүлденің иегері.
Жартылай финалды қазақстандық боксшы Ұлыбританиядан келген Джо Джойспен кездеседі. 30 жасар Джойс соңғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2015 жылғы Еуропа ойындарының жеңімпазы.
Дычко мен Джойс арасындағы жекпе-жек 20 тамыз Астана уақытымен сағат 00: 15-те өтеді.