Италиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 281-ге жетті

78 просмотров

Италиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 281-ге жетті, деп хабарлайды RAI News телеарнасы.

Марке облысында соңғы сәттерде жерасты дүмпуінен жапа шеккендер арасында із-түзсіз кеткен адамдар қайта тіркелген жоқ. Ал Аматриче қаласы маңында құтқарушылар 15 адамды әлі іздеп жатыр, деп хабарлайды ТАСС.

Тербелісі 6 балдық жер сілкінісі сәрсенбі күні болып, артынша 5,4 балдық жер сілкінісі болды.

20160827083339

ДереккөзҚазақпарат

 

Загрузка...