Италия орталығында жойқын жер сілкінісі болды.
Euronews басылымының хабарлауынша, Италия орталығындағы Марке өңірінде кеше түнде магнитудасы 5,4 балл болатын жер сілкінісі тіркелді. Басылымның мәліметінше, жер асты дүмпулері тағы бірнеше көршілес өңірде де сезілген. Зардап шеккендер туралы, әзірге мәлімет жоқ.
Еске сала кетелік, осыдан екі ай бұрын Италияның Аматриче қаласында жойқын жер сілкінісі болып, 300-ге жуық адам қаза тапқан болатын.