Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Италия азаматы Қазақстаннан қуылды

Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиевтің айтуынша, қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың 2014 жылғы 1-тамыздағы қаулысының негізінде Сидагни Флавиони сот тағайындалған жазадан 1 жыл 8 ай 18 күн бұрын шартты түрде босатылған.

Аталған уақыттан бері Сидагни Флавиони Ақтау қаласына барып, жұмыс жасаған, 2016 жылғы 19-сәуірде жазасының мерзімі аяқталғаннан кейін, ол Атырау қаласындағы көші-қон полициясына еліне кету үшін виза рәсімдеуге өтініш берген.

Алайда Қазақстан Республикасының халқының денсаулығына, адамгершілігіне қарсы ауыр қылмыс жасаған италияндық азаматтың соттылығы жойылмаған.

Жақында Атырау қалалық соты Казақстан Республикасының заңнамасын бұзғаны үшін Сидагни Флавиониді Қазақстан Республикасының шегінен тысқары шығару туралы азаматтық істі қарады. Сот отырысы барысында Италияның азаматының Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 259-бабы 3-бөлігінің «б», «в» тармақтарында (ескі редакцияда) қарастырылған қылмыстық іс -әрекеттерді жасағаны анықталды.

Ал Қазақстан Республикасының «Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы» Заңы 28-бабының „в„ тармақшасына сәйкес, егер шетелдік азамат Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзса, онда оны елден тысқары шығару қарастырылған.

Осы негізде сот заң талаптарына сәйкес, Италия азаматы Сидагни Флавиониді Қазақстан Республикасының шегінен аластату туралы шешім шығарып, оған республика аумағынан кетуге 15 күн мерзім уақыт берді.

Шешім заңды күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз