«Ислам мемлекетінің» сексуалдық құлдығынан қашып кеткен қыз

427 просмотров

Андрей Сахаров атындағы «Ақыл-ой бостандығы үшін» сыйлығының биылғы лауреаты болып ирактық адам құқығын қорғаушылар Надиа Мурад Баси мен Ламийя Аджи Башар танылды.

Екеуі де йезидтердің (күрд этноконфессиялық тобы) құқығын қорғаумен айналысады, «Ислам мемлекеті» содырларының әрекетінен зардап шеккен әйелдер мен балаларға көмектеседі.

2014 жылы Надиа Мурад пен Ламийя Аджи Башар ИМ террорлық тобының тұтқынына түсіп қалды. Оларды сексуалдық күңдікте ұстаған. Бірнеше айдан соң қыздар содырлардан қашып кетті.

2015 жылы желтоқсанда Надиа Мурад БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде йезидтер геноциді және адам саудасы туралы баяндама жасады. Биыл қазанда 23 жастағы адам құқығын қорғаушы қыз Вацлав Гавел атындағы сыйлықтың лауреаты атанды.

Андрей Сахаров сыйлығын Еуропалық парламент 1988 жылы тағайындады. Сыйлықтың қаржы қоры — 50 мың евро. Марапаттау рәсімі 10 желтоқсанда өтеді.

6dd953ed-adde-48d3-b30c-f178fcaff1f5_cx0_cy5_cw0_w987_r1_s_r1

Загрузка...