Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың кенже қызы Лола Тилляева өзінің жолдасымен бірге Ташкентте былтыр көктемде өртенген мешітті қайта тұрғызды. Лола бұл мешітті өз әкесінің құрметіне «Ислам ата» деп атаймын деп шешкен.
Бұл туралы muslim.kz хабарлайды.
«Дүниежүзінің мұсылман қауымы қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлап жатқанда жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр. Ташкентте «Ислам ата» мешіті ашылады. Бұл мешіт Ферғана Жолы көшесінде орналасқан. 2015-жылдың көктемінде мешіт толықтай өртеніп кеткен еді. Жолдасым Тимур Тилляев екеумізге сауапты іс жасап, мешіт ғимаратын қайта тұрғызуға мүмкіндік берген Аллаға шүкірлік етемін», – делінген Лоланың хабарламасында.
Мешітті қайта қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың аяғында басталып, 9 айға созылған. «Көпшіліктің ұсынуымен мешітті Өзбекстанның алғашқы президенті – менің әкем Ислам Каримовтың құрметіне «Ислам ата» деп атау туралы шешім қабылданды», – деп қосты Лола.
Ескі мешітпен салыстырғанда, жаңа мешіт көлемі 1,8 есе ұлғайған – 2900 шаршы метрден 5400 шаршы метр болды. Енді мешітке 560 адам сыяды. Мешіт мұнарасы мен қабырғасында қасиетті Құран сөздері жазылған.