Ислам Кәрімовтің қызы әкесіне деген сағынышымен бөлісті

198 просмотров

Қыркүйекте қайтыс болған өзбек президенті Ислам Кәрімовтің кенже қызы Лола анасы және күйеуімен бірге әкесінің зиратына барды. Әкесіне деген сағынышын ол әлеуметтік желі оқырмандарымен бөлісті.

Лола Кәрімова-Тилляева сағынышын Instagram парақшасында жазды. Ол Самарқан қаласына жерленген әкесінің зиратына барғандағы әсерін сөзбен жеткізу мүмкін еместігін айтты. Туған-туыстардың барлығы әкесін қатты сағынғанын жазды.

Лола зират басына ұшып келген ақ көбелек туралы жазды. Көбелекті көрген ол Ислам Кәрімовтің жағдайы қазір жақсы екенін білдереді деп жорыды, әкесі мәңгілік жүрегінде сақталатынын айтты.

Өзбекстанның алғашқы президентін жерлеу рәсіміне 3 қыркүйекте мыңдаған адам жиналды. Ислам Кәрімовтің өліміне қатысты аза тұту бірнеше күнге созылды.

83ebba8a-4623-45fb-8688-5fb59bfec167_w987_r1_s-1

Загрузка...