Ислам Кәрімовтің денесін Самарқанд көшелерімен алып өтті

218 просмотров

Самарқанд қаласының тұрғындары Ташкенттен жеткізілген Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовтің денесін тиеген көлік кортежін күтіп алды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Әуежайдан бастап Самарқанд қаласының орталығына дейін халық көше бойына ығы-жығы жиналды. Ер адамдар қара шалбар мен ақ көйлек, ал әйелдердің басым бөлігі ұлттық киім киінген.

Кортеж Самарқандтың орталығындағы ежелгі тарихи ғимарат бар Регистан алаңына келді. Осы жерде өзбек көшбасшысымен қоштасу рәсімі ұйымдастырылады.

Одан кейін Кәрімовті халық көне замандағы өзбектің ұлы тұлғалары жатқан Шахи-Зинда зиратына шығарып салады. Ол ата-анасының жанына жерленбекші. Соңғы 20 жылда Шахи-Зинда зиратына ешкім жерленбейді, оған тыйым салынған. Бірақ Өзбекстанның тұңғыш президентіне мұнан бұрыннан орын алынып қойыпты.

Самарқандтың көшелерінде жол көлік қозғалысы кілт тоқтатылған, тек жаяу жүргіншілерге жүруге рұқсат етілген. Әрбір көше қилысында тәртіп сақшылары тұр.

Загрузка...