Өзбекстанда Шавкат Мирзиёевтың шешімімен Шерали Джураев, Юлдуз Усманова және Обид Асомов сынды әртістердің сахнаға шығуына салынған тыйым алынды, деп жазады centre1.com.
Джураевтың сахнадан көрінуіне 1993 жылдан бері «ауызша»тыйым салынса, Юлдуз Усманова 2005 жылдан бері Ислам Кәрімовке жақпай қалған. Комик Обид Асомов та соңғы 10 жыл бойы Өзбекстанда сахнаға шыға алмай жүрген еді.
Сондай-ақ, өзбектің халық әртістері Артык Атаджанов пен Бобомурод Хамдамовқа да қойылған шектеу алынды.