Ислам Кәрімов 3 қыркүйек күні жерленеді

580 просмотров

Фергана.ру ақпараттық агенттігі Самарқандта Өзбекстан президенті Ислам Кәрімовті жерлеуге дайындық жүріп жатқанын хабарлады. Ислам Кәрімов Самарқандта туып-өскен болатын.

2016090201584587575_754727590952376Агенттіктің хабарлауынша, Ислам Кәрімовтің қазасы туралы жұма күні, 2-ші қыркүйекте жарияланады. Ал жерлеу рәсімі сенбі, 3-ші қыркүйекте өтеді. Ол өзінің анасы мен екі бауырының жанына жерленеді.

Ислам Кәрімовтің сүйегі салынған үкіметтік ұшақ бейсенбі күні кешкісін Ташкенттен Самарқандқа ұшып шыққан.

Еске салсақ, тамыздың 29-ы күні «Фергана» агенттігі Кәрімовтің өлімі туралы хабарлаған болатын, алайда сол күні өзбек республикасының үкіметі мен президент әкімшілігі бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Ал жексенбі күні Ислам Кәрімовтің ауыр жағдайда ауруханада жатқаны хабарланған.

14199367_1593435514290978_7035916485960237258_n

14199330_1593435500957646_7264144231281050726_n

Загрузка...