Ислам араққа текке тыйым салмаған

46 просмотров

Ғылыми зерттеулердің нәтижесінде алкоголь рак ауруын қоздыратыны анықталды.

Бұл туралы ihsan.kz хабарлайды.

Алты түрлі ісік ауруының туындауының салдары ішімдіктен болады екен.  Ғалымдар шайтан судан жыл сайын 500 мың адам көз жұмады деген қорытынды жасады.

Отаго университетінің ғалымы Дженни Коннор аталмыш тақырып төңірегінде жарық көрген мақалалар мен ғылыми нәтижелерді келтіре отыра, 7 түрлі ісік аурулары, атап айтқанда төс безі, ауыз қуысы жолдары, өңеш, бауыр, тік ішек, тоқ ішектің қатерлі ісік ауруларының өсуі арақпен байланысты деген қорытындыға келді.

Мұнымен қоса ісік алкогольдің мөлшеріне қарай үлкейе бермек.

Ғалымдар қатерлі ісік ауруынан сақтану үшін алкогольді ішімдікті доғаруға шақырады, әсіресе шарап пен сыраның зияны көп дейді.

Загрузка...