Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы сот залында қамауға алынды

Істің басқа фигуранттары – Жүсіп Мұсалдин мен Киікбай Тәжмағамбетов те айыпты деп танылды. Сот олардың 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Сондай-ақ, олардың мүлкі тәркіленіп, жазаны жалпыға ортақ колонияда өтеуіне қатысты үкім шығарды. Соттың шешімімен екі азамат 7 жылға дейін мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Олар да сот залында қамауға алынды.

Сотталушылардың және олардың адвокаттарына қарағанда олар соттың мұндай үкімді шығаратынын мүлде күтпеген.

Айта кетейік, 2015 жылдың қараша айында Қайрат Аманқұловқа қатысты үй қамауына алу туралы бұлтартпау шарасы қолданылған болатын. Аманқұловпен қоса сот алдына оның бұрынғы орынбасары мен ведомствоның қызметкері келді.

56 жастағы Қайрат Аманқұлов ҚР Ішкі істер министрлігі жедел-криминалистикалық департаментінің басшысы қызметіне 2011 жылдың шілдесінде келген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз