iPhone маркалы қой ғаламтор жұлдызына айналды

144 просмотров

Бүйрегінде iPhone компаниясының белгісі бар қой ғаламторда ерекше жұлдызға айналды. Бұған дейін бүйірінде «Алла» деген жазуы бар малдар, түрлі табиғи бұйымдар көп кездесетін еді.

Ал бүйірінде әйгілі компанияның эмблемасы бар қойды қазнет пайдаланушылары алғаш рет кездестірді, дейді BAQ.kz.

1badb46c619c4de790a4868d29c33a60_resize_w_520_h_

Бұл қойдың суретін Мұрат Берілке есімді фейзбук пайдаланушысы жариялаған. Семей қаласының тұрғыны бұл қойдың суретін жариялағаны болмаса, ол туралы мәлмет берген жоқ. Ал суреттің астына пікір жазушылар бұл қойды iPhone телефонын шығаратын компанияға қымбат бағаға сатуды ұсыныпты. Әрине, бұл қойдың бүйрегіндегі сурет фотошоп арқылы жасалған деушілер де жоқ емес.

Қойды көргендер оның қазақы «Еділбай» қойы екендігін де айтып жатыр.

Загрузка...