Инвестициялар және даму министрлігінің ведомство басшыларының міндеттері белгіленді

36 просмотров

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің ведомства басшыларының міндеттері белгіленіп, қарауындағы комитеттері іріктелді.

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі жеке парақшасында жазды.

«Басшылық құрамындағы кадрлардың ауыс-түйістерін ескере отырып, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің министрі, жауапты хатшысы, бірінші вице-министрі, вице-министрлері арасындағы міндеттерді бөлу жөніндегі бұйрыққа қол қойдым»,-деп хабарлады министр.

Ол бойынша министр министрлік қызметін үйлестіріп отырады және жалпы басшылық жасайды.

Ал бірінші вице-министр Рау Альберт өнеркәсіп блогының қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады. Оның қол астына бес комитет кірді. Оның ішінде Индустриялық даму және өндірістік қауіпсіздік комитеті, Аэроғарыш комитеті де бар.

Вице-министр Камалиев Берік көлік блогының қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отыратын болды. Оның қарауына Көлік комитеті, Автомобиль жолдары комитеті, Азаматтық авиация комитеті, Транзитті дамыту және көлік логистикасы департаменті берілді.

Вице-министр Тоқтабаев Тимур Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті, Жер қойнауын пайдалану департаменті, Туризм индустриясы департаменті және Технологиялық және инновациялық даму департаменті сынды салалардың қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады.

Вице-министр Хаиров Ерлан Кәртайұлы Инвестициялар жөніндегі комитет, Активтерді басқару жөніндегі департамент, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық департаменті, Стратегиялық жоспарлау департаменті сынды салалардың қызметіне бақылау жасап, қызметін үйлестіріп отырады.

Ал министрдің жауапты хатшысы Сағынов Замир Садықұлы министрлік аппаратына басшылық жасайды, қаржы, заң, кадр және әкімшілік жұмыстарды атқаратын болады.

«Менің әріптестерім өздеріне бекітілген міндеттерді табысты іске асыратындығына сенемін. Барлығының жұмысына сәттілік пен тиімділік тілеймін»,-деп атап өтті министр әлеуметтік желідегі акаунтында.

Загрузка...