Қазақстанның 30 мыңнан астам жеткіншегі порнографиялық сипаттағы топтардың құрамына тіркелген.
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлайды.
Қаратау ауданы прокуратурасының «Vkontakte» әлеуметтік желісіне жүргізген мониторингісі бойынша желідегі 63 топ порнографиялық тақырыптағы материалдарды қарайды екен.
Мысалға, ВКонтакте желісінде ұзақ уақыт бойы жыныстық қарым-қатынастарды насихаттап, жасөспірімдер арасындағы порнографиялық тақырыптағы материалдары бар «СЕКС» деген топ (сілтеменің мекен-жайы редакцияда бар) өз жұмысын атқарған. Бұл топқа 700 000 қазақстандық және 229 шымкенттік жасөспірімдер тіркелген.
«Ата-аналар өз балаларының Интернеттің қандай әлеуметтік желісіне кіріп, кімдермен байланыста болатындарын қадағалап, көңіл аударып отыруы тиіс», – делінген хабарламада.