Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған 20 жоба тоқтап тұр

Ведомство ақпаратына сәйкес, тоқтап тұрған 20 жоба ішінен тек 10 жобаға субсидиялау, пайыздық мөлшерлемелер, инновациялық гранттар, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялардың қаржыландырулары, Қазақстан даму банктің кредиттеу желілері сияқты мемлекеттік қолдау түрлері көрсетілуде.

Дегенмен, министрлік барлық жобалар бойынша оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, нәтижелі қалпына келтірілген жобалар да бар екендігін атап өткен.

«Барлығына белгілі, Қарағанды кремний зауыты (Силициум) индустрияландыру бағдарламасы басталғанға дейін, яғни, 2010 жылы өндіріске қосылды. Бірақ, 2013 жылы кәсіпорын тоқтап қалды. Қайта іске қосу үшін инвестор ретінде «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» тартылып, бір жылдан кейін кәсіпорын қайта өнім өндіруді бастады. 2015 жылы 11 мың тоннадан астам өнім өндірілді. Тағы бір мысал, Қазақстан даму банкі қаржыландырған «Азия Керамик» ЖШС керамогранит өндірісі 2011 жылы тоқтап қалған еді. Жоба «ҚИҚ» АҚ-қа беріліп, жаңа инвестор ретінде «Зерде» ҒӨБ» ЖШС табылып, зауыттың жұмысы 2015 жылғы мамырда қайта жаңғыртылды»,- делінген ақпаратта.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз