Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Илья Ильин Лондондағы «алтын» медалінен айырылуы мүмкін

Аты аталған спортшылардың бесеуі Лондон Олимпиадасында 94 келіге дейін салмақта өнер көрсеткен. Олар: қазақстандық Илья Ильин (бірінші орын) мен Алмас Өтешов (жетінші орын), әзербайжандық Интигам Заиров (алтыншы орын), ресейлік Александр Деманов (төртінші орын) пен Александр Иванов (екінші орын).

Міне, Лондонда ауыр атлетикадан бірінші, екінші орынды иеленген екі спортшы да допинг қолданғаны белгілі болды. Ал үздік үштікті түйіндеген  молдовалық Анатолий Кырыку жеңіп алғаны белгілі. Егер Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) бірінші, екінші орын алған спортшылардың медалін қайтарып алатын болса, Илиьннің медалі осы молдовалық ауыр атлетке бұйыруы мүмкін.

Ал ресейлік спортшының күміс медалі бесінші орынды иеленген ирандық Саед Мохаммадпурға, қола медаль жарысты сегізінші орынмен аяқтаған кореялық Ким Мин Джеге тапсырылуы мүмкін.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Лондон олимпиадасында Қазақстан қоржынына төрт алтын сыйлаған Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза,  Светлана Подобедова, Илья Ильинді уақытша жарыстардан шеттеткен болатын. Биыл Риода төртеуі де жарысқа қатыса алмайды.

Ал Рио-де-Жанейро олимпиадасында ел намысын қорғауға 8 спортшымыз аттанып кетті. Олар: Арли Чонтей (56 келіге дейін), Фархад Харки (62 келіге дейін), Нижат Рахимов (77 келіге дейін), Денис Уланов (85 келіге дейін) және Александр Зайчиков (105 келіге дейін), сондай-ақ Маргарита Елисеева (48 келіге дейін), Карина Горичева (63 келіге дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз