Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Илья Ильин «Бірлік» алтын медалімен марапатталды

Құттықтау сөзінде облыс басшысы Қырымбек Көшербаев бұл ең алдымен Елбасының және Ильяның жерлестері мен бүкіл қазақстандықтардың сын сағатта чемпионға көрсеткен қолдауы екенін атап өтті.

– Біз еліміздің атын әлемге танытып жүрген жерлесіміз Илья Ильинге тек сәттілік тілейміз. Ильяны бүкіл қазақстандықтар, оның ішінде, жерлестері де әрқашан қолдауға дайын. Сыр елінен шыққан батыр ұлдың Қазақстанға әлі талай жеңіс сыйлайтынына сенеміз, – деді Сыр жұртшылығы атынан облыс әкімі.

Өз кезегінде даңқты чемпион ешуақытта тыйым салынған препараттарды қолданбағанын, әруақытта жеңіске жету үшін адал күрес жүргізгенін айтты.

Тұтас Қазақстан халқының қолдауын сезініп отырмыз. Елбасы да ерекше қамқорлығын көрсетуде. Дəл қазір нақты жағдайды саралап айту қиын.

Бірақ, Рио Олимпиадасына спортшы ретінде қатыспасам, онда бапкер ретінде барамын. Менің тұтас командам бар екенін білесіздер. Олар тынымсыз еңбек етіп жатыр.

Міне, осы команда елімізге уəде еткен алтын медальдің бəрін əкеледі. Спорттық бəсекеде тоқтата алмағандар, осылайша тосқауыл болғысы келеді.

Қазір менің жасым 28-де, төрт жылдан кейінгі олимпиада ойындарында да жерге қарап қалмаспын.

Ең басты айтқым келетіні – мен ешкімді алдаған жоқпын!

– деді Илья Ильин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз