Илья Ильин Англияға оқуға аттанады. Алайда атақты ауыр атлеттің қай университетте оқитындығы ашып айтылмады.
Бұл туралы Илья Ильиннің бапкері КТК телеарнасына мәлім еткен.
Илья Ильиннің бапкері, спортшының қазір жаттығуды тастап білім алуға өзі құлшынып отырғанын жеткізген. Белгілісі, ол бұрыннан бері спорт саласының психологиясы мен менеджментін игеруді қалайды екен. Алайда қазақстандық спортшы қай университетте оқитыны ашып айтылмайды.
– Спорт саласындағы 20 жылында оның оқуға ден қоюына мүмкіндік болмаған. Қазір Илья оқуды жалғастырып, жаттығуды да сонымен қатар алып жүруді көздеп отыр,- дейді оның бапкері Ержас Болтаев.