Ильиннің Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті.

239 просмотров

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильиннің 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында тапсырған допинг-сынамасы тыйым салынған заттың барын көрсетті. 

Мұны Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) растап отыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігінің қазақ редакциясы. Ильинмен қатар, 2008 жылғы Олимпиада ойындарындағы сынамаларды қайта тексергеннен кейін тыйым салынған заттардың тағы бес атлеттің қанында бар екені белгілі болды: әзірбайжандық Интигам Заиров, Молдавия өкілі Александр Дудогло, армян Рипсима Хуршудян, түрік Нурджан Тайлан және ресейлік Марина Шаинова мен Надежда Евстюхина. Бұл спортшылар жарыстардан уақытша шеттетілді.

Айта кетейік, Илья Ильин Бейжіңде 2008 жылы өткен Олимпиала ойындарында 94 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған болатын.

Еске салайық, осыған дейін Ильиннің Лондонда 2012 жылы өткен Олимпиадада алынған сынамасында қанында тыйым салынған заттардың бар болып шыққаны белгілі болған еді. Сонымен қатар, тағы үш қазақстандық ауыратлеттің қанынан допинг табылған болатын.

 

Загрузка...