Ильиннің барлық әлем чемпионатындағы сынамаларын қайта тексеруі мүмкін

88 просмотров

Дүниежүзілік бірнеше спорттық фанблогтар Илья Ильиннің әлем чемпионатында алған барлық сынамаларын қайта тексеру керектігін айтып жатыр.

Бұл туралы BAQ.kz тілшісі «alaman.kz» сайтына сілтеме жасап хабарлады.

 «Заң бойынша әр спортшының допинг сынамасы он жыл сақталады. Демек, IWF Ильиннің 2006, 2011, 2013 жылғы әлем чемпионаттарындағы сынамаларын ғана тексере алады. Әлем чемпионатында алынған сынамалар IWF қарауында болады. Ал олимпиадада алынған допинг анализдерін Халықаралық олимпиада комитеті өзінде сақтайды», деп жазады «Аламан».
Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген. Сондай-ақ, Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген.
Ал осыған дейін БАҚ өкілдері Ильин, Чиншанло, Подобедова және Манезаға қатысты шешім 11-15 шілде аралығында шығады деп мәлімдеген болатын. Онда егер аталған спортшылардың допинг қолданғандары толық дәлелденсе, ХОК Ильин мен үш чемпионның медалін алып, жаңа чемпиондарға табыстайтыны көрсетілген.
Загрузка...