Ильин мен Чиншанлоның сынамалары қайтадан тексеруге жіберілгені расталды

37 просмотров

Еліміздің Ұлттық олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардан алынған допинг сынамалардың қайта тексеруге жіберілгенін растады деп хабарлайды 24kz.

Сала мамандарының хабарлауынша, Бейжің мен Лондон олимпиадаларына қатысқан бірнеше спортшы рұқсат етілмеген препарат қолданды деген күдік тудырып отыр. Олардың ішінде қазақстандық оғландар да бар.

Сондықтан Халықаралық олимпиадалық комитет сынамаларды Швейцарияның Лозанна қаласындағы арнайы зертханада қайта тексеріп жатыр.

Айта кетейік, бүгін бірқатар қазақстандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары ауыр атлетикадан Олимпиада чемпиондары Илья Ильин мен Зүльфия Чиншанло алтын медальдерінен айырылады деген мәлімет жариялады.

Бұған қоса олардың биылғы Рио олимпиадасына қатыса алмайтынын да жарыса жазып жатыр. Алайда осы мәселеге қатысты әлі ресми мәлімдеме жасалған жоқ. Ал Ұлттық олимпиадалық комитет қайта тексеру нәтижесі белгілі болғаннан соң тиісті түсініктеме беретін болды.

Загрузка...