Hummer қағып кеткен баланың анасын айыпталушы «сатып» алмақ болған

523 просмотров

Астанадағы аулалардың бірінде екі баланы қағып кеткен Hummer жүргізушісінің туғандары зардап шеккен Антон Силаевтың анасына арызын қайтарып алу үшін 400 мың теңге ұсынған.

 

Бұл туралы баланың анасы Анастасия Ли айтып берді деп жазады today.kz. Олардың ақша ұсыну туралы сөйлескен аудиожазбасы редакцияға берілді.

«Жүргізушінің әкесі маған ІІД-нен арызымды қайтарып алып, істі сотқа жеткізбей, достасумен аяқтау үшін 400 мың теңге ұсынды. Мен де осы әңгіме туралы аудиожазба бар. Мен олармен қандай да болмасын байланыс жасаудан бас тарттым. Мен олармен достаса алмаймын. Басында мен достасу туралы ойлағанмын, алайда, бұл отбасымен жақын танысқаннан кейін мен бұл ойымнан қайттым. Біз сотты күтетін болып шештік. Жалпы, осы уақыт аралығында мен бұл отбасынан бас-аяғы 12 мың теңге, 10 айыпталушының анасы, ал екі мың теңгені айыпталушының өзі беріп жіберді», — деді Анастасия Ли.

Дегенмен, Анастасия Ли материалдық және моралдік шығын көлемі әлі ресми түрде есепке алынбағанын айтады. Оны сот алдында арызды дайындау кезінде есептемек. Сонымен қатар, 23 қыркүйек күні ЖКО бойынша тергеу сараптамасы жүргізілетіні белгілі болды.

Естеріңізге салайық, 16 тамызда Астанадағы Hummer автокөлігі Тархан көшесі бойындағы аулалардың бірінде шамамен сағат 19:00 екі баланы қағып кеткен еді. Зардап шеккен екі баланың бірі 10 жасар Антон Силаев хал үстінде,  ал екінші бала бірнеше жерден жарақат алып, аяғы сынып ауруханаға жатқызылды. Жүргізушінің туыстарының айтуынша, балалар көліктің алдына жүгіріп шығып, көлік жүргізушісі тежеуішті басып үлгермей қалса керек. Алайда, зардап шеккен баланың анасы Анастасия Ли мұнымен келіспейді. Есесіне ол ІІД-не айыпталушылар жазадан құтылуға әрекетеніп жатқанын айтып, тағы арыз түсірді.

ede788c2-243b-4520-952a-55590cc0ba64

Загрузка...