Хоккей: Дамир Рысбаевтың мұз айдындағы төбелестері

28 просмотров

«Барыс» хоккей клубында ойнайтын Дамир Рысбаевтың мұз айдындағы қызу төбелеске толы сәттерін топтаған бейнебаян жарияланды. Оның 2014-2016 жылдарғы аралығындағы хоккейдегі есте қаларлық өнері туралы бұл бейнебаян Құрлықтық хоккей лигасының ресми сайтында жарық көрді.

«Дамир Рыспаев және оның ҚХЛ-да есте қалар екі жылы» деп аталатын роликте 21 жастағы хоккейшінің мұз айдында намыс үшін жаға жыртысқан төбелестері топтастырылыпты.

Бейнебаян авторлары барыстың орнына жолбарыстың видеоларын пайдаланып, Дамир Рыспаевты сол образбен теңестірген. Оны жолбарысқа толығымен сай деуге болады. Себебі Дамир жасына қарамастан, лиганың тарландары саналатын – Свитов пен Арюхиндерді жекпе-жекке шақырып, клубтың намысын абыроймен қорғай білді.

Көктемде Дамир Рыспаевқа әскерге шақыру туралы қағаз келген. Қазіргі кезде ол ҚР Қорғаныс министрлігі әскери орталық спорт клубында жас сарбаз курсынан өтіп жүр. Оның айтуынша, әскер қатарына қосылып, азаматтық міндетті орындау оның жеке шешімі болды.

Загрузка...