Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Халық неге Сағынтаевты ұнатпайды?

— Яғни, одан ешқандай тосынсыйлар күтудің реті жоқ қой — Сағынтаев алдыңғы үкіметтен бөлек, өзінің дербес саясатын жүргізбейді ғой?

— Әзірше, менің ойымша, ол Мәсімов жүргізген саясатты ұстанып, соны жалғастыратын болады. Мемлекеттік басқару жүйесінде солай болу керек-ті. Ешқандай тосынсыйлардың қажеті жоқ, елге тыныштық, тұрақтылық қажет. Оның үстіне, президент Кәрім Мәсімовтың дағдарысқа қарсы қолданған шараларына; жалпы, ол басқарған кабинеттің жұмысына көңілі толатынын айтқан-ды.

— Онда ауыс-түйіс не үшін қажет болды?

— Мен, рокировка экономикалық саясаттағы өзгерістер қажеттілігі тұрғысынан туындады деп ойлаймын. Елбасы Мәсімовты оның кәсіби дағдылары дәл қазір өте қажет аса маңызды жұмыс учаскесіне ауыстырды.

— Халық экономикалық әл-ауқатымыздың артқанын қалайды. Қалай ойлайсыз, осы жұмысты атқаруға Сағынтаевтың шамасы келе ме?

— Бақытжан Әбдірұлы кәсіпқой маман, ол өз жұмысын байсалды атқарып, алдына қойған мақсаттарды абыроймен орындайды.

Атап айтарлығы, ол өте мықты менеджер әрі технократ. Осы орайда, оның жолы болмады — халық технократтарды аса ұната қоймайды

Электорат Жириновский сияқтыларды ұнатады. Адамдар даңғаза айғайға басатын саясаткерлер дербес әрі ақылды деп ойлайды, Ал кәсібилікке негізделген технократтың әңгімесі қарапайым адамның ішін пыстырады.

Әміржан Қосанов: Сағынтаевтың жемісті еңбек етуі Елбасының көзқарасына байланысты

kosanov-300x300

Әміржан Қосанов

— Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысының ауанына қарағанда, Сағынтаев Мәсімов жүргізген саясатты жалғастыратын сыңайлы. Ендеше, премьерді ауыстырудың соншалықты қажеттілігі болған жоқ. Әрине, көп нәрсе нақты үкіметбасының жеке іскерлік қасиеттеріне байланысты. Осы орайда, кейбір жаңалықтар мен түзетулер, әлбетте, болады.

Қазіргі таңда президент үшін Мәсімовтың ҰҚК төрағасы орынтағына тағайындалуы өзектірек болды, деген ойдамын.

Оның үстіне,

барлығы болмаса да көп нәрсе Елбасының жаңа премьерге қаншалықты еркіндік беретініне байланысты,

әсіресе, оның ортақ бағдарлама шеңберіндегі өзінің жеке бағытын жүзеге асыруда. Егер президент тарапынан қолдау болса, онда жаңа премьердің жаңа әлпетін көріп қалуымыз мүмкін.

Алайда Сағынтаевтың экономикалық болашағы соншалықты жарқын емес: ел экономикасы құлдырау үстінде. Бюджет ортайған, қазір үкімет таңдау алдында тұр — бұрынғы даңғаза әрі шығынды мега жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз ба әлде әкімшілік және басқашығындарды қысқартып, шағын және орта бизнеске нақты еркіндіктер беріп, ақылға қонымды экономикалық саясат жүргіземіз бе.

— Сағынтаевты тағайындаудың қисыны қарапайым адамдар соншалықты түсінікті болмай тұр. Әлеуметтік желілерде пікір алмасқан қазақстандықтар „Сағынтаев — тосынсыйларға ұмтылмайтын, мінез көрсетпейтін, әлжуаз саясаткер, жалпы, ол өте ымырашыл„ деген әңгімелер айтуда.

— Қазақстанда шенеуніктерді тағайындау тәжірибесінің өзіндік ерекшеліктері бар: көп ретте шулы тағайындаулардың көпшілікке қарапайым тілмен түсіндіретін қисыны болмайды.

Сағынтаев, шындап келгенде, кланаралық пәтуәнің жемісі,

одан басқа ештеңе емес. Әрекет етуші бас тұлғалар, негізгі ойыншылар мен авторлар әлі де болса тасада тұрған сыңайлы. Ендеше, үздіксіз саяси спектакльдің жаңа актілерін күткен жөн.

Сағынтаев бұрын ұлттық масштабтағы әлеуетті саясаткер ретінде көзге түскен емес Бірақ қазақ: «Ұра берсе, Құдай да өледі», — дейді. Әлбетте, оның өз ойлағаны бар шығар. Бәрі мүмкін. Ал оның осы мүмкіндіктерді қалай пайдаланатыны, оған өзі белгілеген дүниелерді жүзеге асыруға қаншалықты мүмкіндіктер беретінін уақыт көрсетеді.

— Сағынтаев төмендегідей ұстанымда: қазақстандықтарға қытайлық бизнесмендерден қорқудың қажеті жоқ, қайта оларға қажетті қолдау көрсеткен жөн. Сонымен қатар, ол ЕАЭО-ға жағымды көзқарас танытып отырған жоқ. Қалай ойлайсыз, біздің саясаттың Ресейден Қытайға қарай бет бұруы мүмкін бе?

— Қазақстанның сыртқы саясаттағы саяси басымдылықтары кезекті бір премьердің саяси ұстанымына сәйкес өзгереді деген ойдан аулақпын: бізде мұндай мәселелерді Ақорда анықтайды. Әрине, үкіметбасы ретінде, ол өз ұсыныстарын айта алады. Дегенмен? Барлығы, қайталап айтамын, Елбасының өзіне байланысты.

Дереккөз: 365info.kz

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз