Халыққа теңге сатып ал дейді, өзі доллар сатып алады. Ұлттық банк не істеп отыр?

51 просмотров

Егер жарияланған статистикаға назар аударатын болсақ, қазақстандықтарды теңгеге және елдің бас банкіне сенуге шақырған Ұлттық банктің өзі кері бағытта әрекет етіп, доллар мен алтынды жаппай сатып алып жатқанын көреміз.
Негізі Ұлттық банк және ел экономикасы үшін

 елдің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің ұлғайғаны жақсы,

өйткені рейтингтік агенттіктердің сарапшыларын айтпағанда, олардың көлемін халықаралық қаржы ұйымдары, бірінші кезекте, Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк жіті бақылап отыр. Естеріңізге салсақ, сәуірдің соңында «Fitch Ratings» агенттігі Қазақстанның рейтингін «ВВВ» деңгейіне дейін төмендетті. Өзінің бұл шешіміне түсініктеме берген «Fitch Ratings» сарапшылары Ұлттық қордағы қаржы көлемінің елеулі төмендегенін атап өткен — ол 2014 жылы қол жеткізілген ең жоғарғы мөлшер — $77,2 млрд-тан 2015 жылы $63,5 млрд-қа дейін төмендеген. Олардың болжамы бойынша, 2016 жылы бұл көрсеткіш шамамен $59 млрд-қа дейін қысқаруы мүмкін. Жағымды іс-әрекет ретінде агенттік сарапшылары ақпан мен наурызда еліміздің алтын-валюта қорының өскенін атап өткен. Солай десек те, олар еліміздегі таза шетелдік тәуелсіз активтердің ЖІӨ-нің 40 пайызынан асып кеткенін атап өткен, атап айтарлығы, рейтингте салыстырылып отырған елдердегі орташа шама ЖІӨ-нің 0,8 пайызын құрайды.

Ұлттық банк мәліметтеріне жүгінсек, 2016 жылғы мамырдың басына қарай, оның қазіргі басшылығы Данияр Ақышев елдің бас банкирі болып тағайындалғаннан бері алтын-валюта қорын толықтыруда алғашқы елеулі табысқа қол жеткізген. Егер ол 2015 жылғы 1-қарашада $28,47 млрд деңгейінде болса, одан кейін ол ақпанда $26,85 млрд-қа дейін біртіндеп төмендеп, кейіннен өсу орын алып, 1-мамырға қарай $29,53 млрд-қа дейін жеткен. Бұл жағымды жаңалықтың бастауы — еліміздің орталық банкіндегі алтын активінің қараша-сәуірде 18,9 пайызға артып, $9,48 млрд-қа дейін өскені.

Сарапшылар бұл металлды 2016 жылдың бас активі ретінде атап отыр, өйткені алтын бағасы өсіп жатыр

Ал заңға сәйкес, Қазақстанда өндірілген барлық алтынды сатып алу құқығына ие Ұлттық банк, оның қорын қарқынды арттыруды жүзеге асыруда, өткен жылы оның қорын 16 пайызға арттырды. Сондықтан 2015 жылғы желтоқсаннан бері Ұлттық банктегі алтын активінің елеулі өсуі таңқаларлық дүние емес.

Ұлттық банктегі валюта активі қазанның басындағы деңгейден ($20 млрд. 490 млн.) 2,2 пайызға төмендеген, 1-мамырға қарай ол $20 млрд. 43 млн деңгейінде болған. Наруызда басталған оның өсуі сәуір де де жалғасқан. Естеріңізге салсақ, қаңтар-сәуір айларында Ұттық банк ішкі нарықтағы $2,5 млрд сомасы шамасындағы шетел валютасының таза сатып алушысы болған. Осы орайда, атап айтарлығы, ол ақпанда $474 млн. сатып алса, наурызда — $1 млрд. 236 млн., сәуірде — $830,9 млн-ды қанжығасына байлаған. Ұлттық қордың активтері де молайған, ол сәуірдің басына қарай, 1-қарашадағы деңгейден асып, тиісінше, $63 млрд. 882 млн-нан $65 млрд. 447 млн-ға жеткен.

ҚР Ұлттық банкінің алтын-валюта резерві (млн. АҚШ доллар/кезең соңына қарай)

tablitsa-e1463657788961

 

Дереккөзі: ҚР Ұлттық банкі.

Бұл жағымды динамикаға қол жеткізуге теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюы да елеулі әсер еткен — 2016 жылдың басынан бері 3,6 пайызға нығайған ұлттық валюта сәуірде бұл қарқынды 4,6 пайызға жеткізген. Бұл банк салымы түрлерінде өзгертулер тудырып қана қоймай, сонымен қатар халықтың шет ел валютасын сатып алу қарқынын елеулі төмендеткен. Нәтижесінде, ақпан-наурызда жұртшылық американдық валютаны мемлекет айырбастау орындарына сатқаннан $513 млн-ға аз сатып алған.

Негізі, теңге нығайып жатқан кезде айырбастау орындары клиенттерінің әрекеті қисынға келетін. Алайда осы аптада кері тренд бой көтерді. Алдымен сейсенбі, 17-мамырдағы KASE-нің таңертеңгі сессиясында доллар бағамы 15 тиынға көтеріліп, 328,03 теңгені құрады. Алайда сәрсенбі күні оның орташа сараланған бағамы 1,95 теңгеге артып, 330,02 теңгені құраса, бейсенбі, 19-мамырда доллар 5,0 теңгеге көтеріліп, 334,89 теңгеге дейін жетті.

Мұнай бағасы артып, баррелі $50 жақындаған кезде «көк қағаздың» мұндай тосын мінез көрсетуі күтпеген іс болды

Екінші жағынан, сарапшылар 2016 жылғы республика бюджеті Ұлттық банкте  бағдарлануға тиіс доллардың орташа жылдық бағамы 360 теңге деңгейінде есептелгенін еске салады.

Қалай болса да, егер американдық валюта осындай қарқынмен өсетін болса, онда банктер мен валюта айырбастау орындары клиенттерінің қайтадан теңгеден долларға көшуі ғажап емес, әйтпесе, олар бағам айырмашылығы есебінен шығын шегетін болады. Оның үстіне, Вашингтоннан жеткен жаңалық та көңіл көншітпейді

АҚШ-тың Федералдық резерв жүйесі 2016 жылы негізгі мөлшерлемені бір емес, екі есе өсіруі мүмкін, нәтижесінде, доллар елеулі қымбаттайды

Мақаланың орыс тіліндегі нұсқасын осы жерден оқыңыз

Загрузка...