Грант тізімін жариялау бір күнге кешіктіріледі

88 просмотров

Грант иелерінің тізімі сәрсенбі күні жария етіледі, деп хабарлады «Егемен-ақпарат».

Білім және ғылым министрлігі жанынан құрылған арнайы комиссия Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы бойынша мемлекеттік білім гранттарын бөлу мәселесін қарауды аяқтап, грант алатын түлектердің аты-жөндерін анықтады.

«Бірақ комиссия қорытынды тізімді қайта тексеріп шығуды тағы бір күнге ұзартуына байланысты, оны жариялау бір күнге кешеуілдеп отыр. Тізім «Егемен Қазақстан» газетінің 10 тамыз күнгі нөмірінде жарық көреді. Ал тізімнің басылым сайтындағы, яғни egemen.kz сілтемесі арқылы сол күні түнде, сағат 00:05-тен бастап көре аласыздар», — делінген хабарламада.

Загрузка...