Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Грантқа құжат тапсырған мектеп түлектерінің 80 пайызы қазақ бөлімін таңдап отыр

641

Жалпы, биыл 31 702 грант бөлiнген. Оның iшiнде 2 950 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлiмшелерiне, 28 752 грант күндiзгi бөлiмге қарастырылған.

– Биыл мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының стратегиялық басымдықтарына негiзделдi. 12 593 грант техникалық және технологиялық, 5 мыңға жуық грант педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және ветеринарлық, 3 мың грант медициналық мамандықтарға бөлiндi. Бiлiм гранттарын орналастыру мүмкiндiгiне биыл 87 жоғары оқу орны ие болды. Былтыр олардың саны 64 болатын. Бұл оқу орындарының тiзiмi конкурстық негiзде анықталды, – деді Ерлан Сағадиев.

Биыл елiмiзде ұлттық бiрыңғай тестiлеуге 84 041 оқушы қатысып, 69 789 адам сынақты сәттi тапсырған. Орташа балл – 81,2. Ал 74 881 адам кешендi тестiлеуден өтiп, олардың 27 743-i шектi балл жинады. Орташа балл – 39,9.

«Осылайша, ұлттық бiрыңғай тестiлеу мен кешендi тестiлеу қорытындысы бойынша 97 532 адам жоғары оқу орындарына түсу құқығына ие болды. Бiлiм гранттарын тағайындау конкурсына 59 677 адам қатысып жатыр. Оның iшiнде 47 342 адам (80 пайызға жуық) қазақ тiлiнде, 12 335 адам орыс тiлiнде оқуға ниет танытты», – деп атап өттi министр.

Естерiңiзге сала кетейiк, Ерлан Сағадиев министр болып тағайындалғаннан кейiн жасаған алғашқы мәлiмдемесiнде мемлекеттік тілде білім алу жүйесіне қатысты ойын айта келіп, қазақ тілінде білім алған жастардың болашағына күмән келтірген болатын.

«Қазақ мектептерінде оқыған жастардың әрі қарай сапалы білім алуының шектеулі екенін көріп отырмыз. Мысалы, біздің ең жоғары ағылшын тілінде дәріс беретін Назарбаев Университетіне, ҚМЭБИ, ҚБТУ, IT университеттеріне ауыл жастарының түсуіне біраз қиыншылықтардың бар екенін өзім көрдім… Бізде орыс тілінде оқытатын мектептер де бар. Оларда да көптеген қазақ жастары оқиды.

Шынын айтсақ, осы жастардың көбі, тіптен қазақ жастарының көбі қазақ тілін дұрыс білмейді, дұрыс түсінбейді. Осындай себептерге байланысты біздегі білім алу жүйесінде тепе-теңдік жоқ, жастардың бәрі бір деңгейде сапалы білім алуына жағдай жасалмаған. Біздің мақсатымыз – осындай қайшылықтарды жойып, жастарға, әсіресе ауылда жүрген жастарға, бәріне бірдей сапалы, заман талабына сай білім беру», – деген едi Ерлан Сағадиев сол сөзінде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз