Грантқа түсе алмағандар білім беру кредитін ала алады

42 просмотров

Ағымдағы жылы білім грантына ие бола алмаған талапкерлер қаржы жағынан қиналса, білім беру кредиттерін кепілдендіруге арналған мемлекеттік бағдарламасына жүгініп, жылдық 10пайыздан басталатын пайыздық мөлшерлемемен 12 жылға дейінгі мерзімге Қазақстан несие рәсімдей алады.

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған baq.kz хабарлайды. Қазақстан

Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қаржы орталығының кепілдігімен ұсынылатын білім беру кредиттері талапкерлерге де, Қазақстанның бүкіл ЖОО-лары мен колледждерінің барлық оқу үлгісіндегі студенттерге де беріледі. 

Алайда, Қаржы орталығының кепілдігімен білім беру кредитін алу үшін бір немесе екі қосалқы қарыз алушының болуы талап етіледі. Бұл жерде қосалқы қарыз алушының төлеуге қабілеттілігі, яғни негізгі жұмыс орны бойынша алатын табысы ескеріледі. Кредиттің сомасына шектеу қойылмайды, бастысы барлық оқу кезеңі үшін оқу құнынан аспаса болғаны.

 

Загрузка...