Головкиннің кезекті қарсыласы: «GGG маған сенің белдіктерің қажет»

131 просмотров

Орта салмақтағы британдық кәсіпқой боксшы кіші-Крис Юбэнк Том Доранды жеңген соң бірден Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды. 

Бұл туралы baq.kz хабарлайды. 

«Геннадий Головкин, бағытымды саған қарай түзедім. Маған сенің белдіктерің қажет…Барлығы сені ешкім жеңе алмайтындай көреді, алайда бұл ой қате, оны мен дәлелдеймін»

— деп мәлімдеді кіші-Юбэнк Fighthype.com сайтына берген сұхбатында.

Еске салсақ, боксшылардың промоутерлерінің мәлімдеуінше, олардың жекпе-жегі қыркүйекте өтуі тиіс.

Загрузка...