Головкин мен Альварестің жекпе-жегі өтпейтін болды

44 просмотров

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес биыл жекпе-жек өткізбейді.

Бұл туралы қазақстандықтың промоутері Том Леффлер BoxingScene.com басылымына берген сұхбатында мәлімдеді деп хабарлайды Vesti.kz.

Тараптар бұл жекпе-жекті биылғы мамыр айынан бастап талқылапты, алайда келіссөздердің кезекті раундынан кейін оны келесі жылға шегеріп қоюға келісіпті.

— Біздің Golden Boy-мен қарым-қатынасымыз әрқашан жақсы болған, біз Лемьемен тамаша жекпе-жек ұйымдастырдық. Мұнда көбінде Головкиннің WBC титулын алғысы келуімен және «Канелоның» белбеуді босатуына дейін қауырт болды. Эрик Гомеспен (GB вице-президенті) әңгімемізге қарағанда жекпе-жекті келесі жылы өткіземіз. Бұл бокстағы ең ірі жекпе-жек, бірақ оны қыркүйекте өткізуге уақыт тым аз. Біз жекпе-жекті 2017 жылға қалдыруды қалап отырмыз, — деді Леффлер.

Загрузка...