Орта салмақтағы әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин өзінің Твиттердегі жеке парақшасында АҚШ-та 75 жасына қараған шағында қайтыс болған, есімі аңызға айналған боксшы Мұхаммед Әлиді құрметпен еске алды.
«Ол – ең ұлы. Бокста да, өмірде де. Ол – адамзаттың шабыты», – деп жазды GGG.
NBC News ақпарат агенттігі бүгін 74 жастағы Әли ауруханада көз жұмды деп хабарлады.
Ол 1942 жылы 17 қаңтарда Луисвиллде дүниеге келген. Өзінің алғашқы чемпиондық атағына Мұхаммед Әли 1964 жылдың 25 ақпанында Сонни Листонға қарсы жекпе-жекте қол жеткізген.
Жалпы кәсіпқой бокста Мұхаммед Әли 61 рет шаршы алаңға шығып, 56 кездесуде басымдық танытқан, 5 кездесуінде жеңілген. 1984 жылдан бері Мұхаммед Әли Паркинсон ауруына шалдықты.