Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Головкин қазақы болмысымен бүкіл әлем жұртшылығын баурап алды – Леффлер

111

Әлемнің 100-ден аса елінің миллиондаған жанкүйері сенбі күні Лондонда «О2 Аренада» өтетін Генадий Головкин мен Келл Бруктің айқасын тікелей эфирден тамашалайтын болады. GGG белгісімен танымал Головкинді (35-0, 32 КО) тек Қазақстан ғана жақсы көреді деуге келмейді, – деп жазады ESPN халықаралық басылымына сілтеме жасап Sports.kz.

Оның бүгіндері өзі тұратын Американың бүкіл өңірінде жанкүйерлер армиясы күн санап, артып келеді.

Миллиондаған мексикалықтар оны өздерінің боксшысы деп санайды.

„Оның танымалдылығы әр жекпе-жектен кейін артып отырады. Бүгін оның жекпе-жегін әлемнің 100-ден аса мемлекеті тамашаламақ„, – деп сұхбат берді Леффлер ESPN басылымына.

„Мэдисон Сквер Гарден“ алаңына Давид Лемьемен айқасқа шығып, оны жеңгенде, бұл GGG үшін үлкен абырой болды. Өйткені, ол оны сүріндірген ең алғашқы америкалықтан бөлек спортшы болды.

Көбіне, Америкада боксшылар тек белгілі бір өңірлерде танымал болады. Ал Головкинді бүкіл АҚШ жақсы көреді. Оның танымалдылығының ерекшелігі де осында.

Channel 5 алаңында Головкин мен Мартин Мюррейдің де жеке-жегін тамашаламаған адам жоқ шығар, ол әрдайым Мексикада өте танымал болатын, ол кездегі жекпе-жекті, білесіз бе, 6,1 миллион адам тамашалады.
Ол Жапонияда да өте танымал. Жапония оның әрбір жекпе-жегін жібермей, тікелей эфирден трансляциялайды.

GGG жанкүйерлерінің фавориті – Латын Америкасы.

Америкалық боксшылар ешқашан жекпе-жек өткізу үшін шекара асып шыққан емес. Ал Головкин Жер шарының әр түкпірінде өнер көрсетеді. Оған үнемі шақырту түседі. Ол Монте-Карлода үш рет айқасты. Украинада, Панамада өнер көрсетті. Енді, міне Лондонға ат басын тіредік„ – дейді ол.

Леффлер Головкиннің танымалдылығы рингтегі үздік көрсеткіштері үшін артып жатыр десек, жаңылысамыз дейді.

„Геннадий ағылшынша жақсы сөйлей алмаса да, оны көпшілік жеке тұлғасы үшін, яғни, қарсыластарын, спортты құрметтей алатын тәрбиелелігі, жалпы, парасаттылығы үшін жақсы көреді. Бұл Майк Тайсонның жайы секілді. Жанкүйерлер оны бір көру үшін жекпе-жекке келетін.„

Головкин соңғы жарты жылда Лос-Анджелесте әйелімен және сегіз жасар ұлымен тұрады, соңғы алты жыл бойына ол Калифорнияның Big Bear жаттығу залында дайындалды. Ол Америкада өте танымал. Өзі өсек-аяңнан аулақ жүреді.

Басқалаларға қарағанда, 11 раундқа шыдап берген Мартин Мюррей 2015 жылы ақпандағы жекпе-жегінен соң Головкинмен көзбе-көз кездесіп, әңгімелесті.

„Ол ағылшынша онша сөйлей алмайды екен, бірақ ол жақсы жігіт, өте жақсы адам. Ол рингке шығып, қарсыласының топалаңын шығарып кете береді, бірақ одан кейін сыпайы келіп, қарсыласына құрмет көрсетеді. Сондықтан мен оның атына айтылып жатқан барлық жақсы сөзге қосыламын„ – деді Мюррей.

Өзінің ағасы Олегпен бірге Макс Германн 2009 жылдан бері Головкиннің менеджері әрі кеңесшісі болып келеді. Олар

Головкинді атақ-даңққа елітіп, бұзылған адамдар қатарына жатқызбайды.

„Рингтен тыс жерде ол өте сабырлы, қарапайым, сыпайы жігіт„, –  дейді Германн.

„Бокстан тыс, Геннадий футбол фанаты. Ол „Манчестер Юнайтед“ клубының ойындарын тамашалағанды жақсы көреді. Оған қоса, „Милан“ мен „Реал“ клубы футболшыларының ойыны қатты ұнайды„, – деп жазады ESPN.

pogudx7gjm2qbs5fq-48ea2f3f

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз