Германияда төменгі Саксония полициясы Хильдесхайм қаласындағы сәләфи ұйымының 8 жетекшісінің пәтерлеріне тінту жүргізді. Бұл туралы Spiegel журналына сілтеме жасап, Қазақстан бас мүфтиятының сайты хабарлады.
– Соңғы бірнеше ай ішінде біз дайындық жасап, аталмыш ұйымға тыйым салу үшін тінту жүргізуді қолға алдық, – деді төменгі Саксония Ішкі істер министрі Борис Писториус.
Ұйым жетекшілерінің үйін тінту операциялары сәрсенбі күні аяқталды. Операция қорытындысы, әзірше жарияланбай отыр.