Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Германия құрамасының бапкері ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасын шеттетуді талап етті

Оның пікірінше, бұл спорт түрінде допингті көптеген елдің спортшысы қолданады.

Рио-2016 жазғы Олимпиадасына Ресей мен Болгария құрамалары қатыстырылмай тастаған болатын деп жазады “Спорт-Экспресс”.

– Ресей мен Болгария ғана допингке жүгініп отырған жоқ. Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Армения, Молдавия, Румыния және Украина да жүйелі түрде допинг қолданады. Сондықтан бұл мемлекеттер де ойыннан шеттетілуі керек еді. Ал олар мұнда медаль үшін таласып жатыр.

Жүйе „науқас„, ол жемқорлыққа белшесінен батқан. Осыны жылы жауып отырғандар да бар. Мен оны қалай жасайтынын жақсы білемін, шетелдік әріптестерім ол туралы айтып берген.

Оларды допингтен өткізетін уақыт туралы алдын ала хабарлап қояды, – дейді Карузо.

Сонымен қатар ол Халықаралық олимпиада комитеті Қазақстанды әлдеқашан шеттету керектігін айтады.

„2012 жылы оларда допингке қатысты 27 жағдай анықталған. Белоруссия… 14 жағдай. Олар да шеттетілуі керек. Олар ұдайы алдап келеді.

Бірақ оларға жарысуға оп-оңай мүмкіндік беріп қойған„ – дейді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз