Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Гептил зардабының ең жеңілі – аллергия, ал ауыр түрі – “ұйқыдағы” Калачи

1842

– Бірнеше жыл болды, жазда түшкіріп, мұрным, көзім, тамағым, құлағымның іші қышып, әбден мазам кетеді. Астанада менімен бірге жұмыс істейтіндердің төрттен бір бөлігі осылайша дегбірі қашады…

Алматыда аллергияға шалдыққандар Астанамен салыстырғанда аздау секілді, бірақ онда да көп адам осы дерттен қатты зардап шегеді. Қарағандылықтардан сұрасам, оларда да осындай жайт, 5 жыл бұрын басталған көрінеді. Жалпы, аллергия, негізінен, Қазақстанның орталығы және оңтүстік-шығыс өңірінде қатты өршіп тұр.

Бірақ, бүгіндері, Құдай сақтап, Астанада күн салқындап, аллергияның қозуы басылды-ау, ақыры. Демек, ауа-райы температурасы төмендегенде аллергияны қоздыратын ауадағы улы заттың таралуы төмендейді. Ал Орталық Қазақстанда бірнеше жыл бұрын қандай техногенді апат болып еді?..

„Протон-М„ зымыран-тасығышы құлап, ауаға улы отын — гептил тараған еді ғой. Зымыран-тасығыштың құлауы бір рет емес, бірнеше рет орын алды:

2010-2015 жылдары: 2010 жылдың 5 желтоқсаны, 2011 жылдың 18 тамызы, 2012 жылдың 6 тамызы, 2012 жылдың 8 желтоқсаны, 2013 жылдың 2 шілдесі, 2014 жылдың 16 мамыры, 2015 жылдың 16 мамыры.

Мына сілтеме бойынша ақпаратты іздеу тетігін басып қалдым:

“Күшті улы қасиетке ие, көз, тыныс жолы мен өкпенің шырышты қабығының тітіркенуін; орталық жүйке жүйесінің қозуын; асқазан-ішек жолының бұзылуын тудырады, көп мөлшерде естен тану мен өлімге әкеледі… “

Тағы да сілтеме:

“…гептилді зымыран отыны супертоксикант болып табылады, жоғары ұшу мен шексіз еру қасиетіне ие. Гептил сумен 100 км дейін миграция жасауы мүмкін. Сондықтан апат ошағын локализация жасау мүмкін емес …”.

Ал бұл гептил әлі дүниеге келмеген ұрпақтарымызға қалай әсер етеді? Ол туралы ешкім білмейді!

Ұлтына, нәсіліне қарамастан енді әрбір қазақстандық өзінің балалары, немерелері, шөберелері арқылы Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы „өзара байланыстың„ нәтижесін нақты сезіне алатын болады…„ делінеді жазбада.

Ғалым өз жазбасында айтып отырған – гептил тарап жатқан аумаққа „ұйқыдағы„ Калачи ауылы да енетінін баса айта кетелік.

Біз бұл ретте осы жазбадан тыс саналы ғұмырын химия ғылымы саласына арнаған қазақ ғалымдарының бірі, 170-ке жуық ғылыми жаңалығы патенттелген, 20-дан аса монографиялар мен оқулықтардың авторы Әбдуәли Баешовтің де гептил туралы айтқан пікірін бере кеткіміз келеді.

– Қоршаған ортаның тазалығына қазір қарап жатқан ешкім жоқ, ол өте жоғары шекте бұзылған. Өндіріс орындары қалдықтарды суға ағызып, қоршаған ортаны ластап жатыр. Шетелдік компаниялар құрамында күкіртсутек бар газдарды зияндығына қарамастан ауада жағып жіберіп, атмосфераны ластауда. «Байқоңырдан» ұшқан зымырандар апатқа ұшыраған сайын жерімізге 400-600 тоннадай гептил төгіледі екен.

Гептил деген өте улы зат. Ол топыраққа сіңеді, ауаға шашылады.

Оның зардабын қалай тартып жатқанымызды былай сипаттап айтар едім.

Егер құрбақаны ыстық суға салып жіберсеңіз, бірден секіріп шығуға тырысады. Ыстық судан шығып кетуі де мүмкін. Ал сол құрбақаны бөлме температурасындағы суға салып, суды жайлап, біртіндеп қыздыра берсеңіз, оның денесі де біртіндеп температураға бейімделе береді. Судың температурасы 100 градусқа жеткенде, ол пісіп өледі.

Сол сияқты

адамның да ағзасы экологиялық апаттың салдарларына біртіндіп үйрене береді, бірақ біраз уақыттан кейін соның әсерінен тіршілігін ерте тоқтатады

– дейді ғалым „Қала мен дала„ басылымына берген сұхбатында.

Демек, гептил тікелей адам ағзасына зиянын тигізіп, оның ғұмыр жасын білдірмей қысқартып, ақыры адамды өлтіріп тынатын жалмауыз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз